29 октября 2023 года - День общенационального траура в Республике Казахстан

Солтүстік Қазақстан прокуратурасы балалар арасында суицидтің алдын алу шараларын күшейтуде

Солтүстік Қазақстан облысының прокурорлары балалар арасында суицидтің алдын алу және болдырмау бойынша шаралар қабылдауда, деп хабарлайды Петропавловск.kz.
Бас прокуратураның тапсырмасын орындау шеңберінде кәмелетке толмағандар арасында суицидті азайтуға бағытталған кешенді жұмыс жүргізілуде.

«Telegram» мессенджерінің мониторингімен қадағалау органы «аниме» жанрында өз-өзіне қол жұмсау бойынша тапсырмаларды орындаған екі жасөспірімді анықтады.

Заңды өкілдермен сәйкес профилактикалық жұмыс жүргізілді, аталған балаларға психологиялық көмек көрсетілді және уәкілетті органдар оларды бақылауға алды.

Сонымен қатар, осы мессенджерде балалар суицидін тікелей насихаттайтын 8-денастам заңсыз контент анықталды.

Қазіргі уақытта «Кибернадзор» ақпараттық жүйесі арқылы осы топтарға кіру бұғатталған.

Уәкілетті органдар мен психологиялық қызметтер жұмысының тиімділігін арттыру үшін прокуратураның бастамасымен аталған мәселе бойынша практикалық іс-шаралар өткізілді.

Атап айтқанда, ағымдағы жылдың қазан айында облыс әкімдігінің алаңында ауқымды практикалық семинар өткізілді, онда облыстың білім беру мекемелерінің директорлары мен психологтарына суицидке бейім балаларды, оның ішінде әлеуметтік желілер мен мессенджерлерде анықтау бойынша жаңа ғылыми әдістемелер мен алгоритмдер жеткізілді.

Осыдан кейін, қадағалау органының ұсынымдары бойынша мектеп әкімшілігі жалпыға бірдей ата-аналар жиналысын өткізді, онда заңды өкілдерге жасөспірімдерді тәрбиелеу бойынша әдістемелік құралдар және балалардың смартфондарында тыйым салынған ақпаратқа қол жеткізуді шектеу бойынша бақылау орнату жөніндегі талаптар жеткізілді.

Прокуратура органдарының тапсырмасы бойынша тәуекел тобындағы балаларды анықтау мақсатында сауалнамалар мен психологиялық тренингтер жалғасуда.

Қадағалау органы қоғамнан суицид пен зорлық-зомбылықты насихаттайтын контенттер анықталған жағдайда «102» арнасына немесе облыс прокуратурасының сенім телефонына 8-7152-36-03-83 хабарласуын сұрайды.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *