29 октября 2023 года - День общенационального траура в Республике Казахстан

СҚО әкімі Жаңа жыл қарсаңында Илени отбасына қонаққа барды

Бүгін СҚО әкімі Ғауез Нұрмұхамбетов Ойқалада шағын ауданындағы Татьяна мен Владимир Илени отбасына қонаққа барып, оларды келе жатқан Жаңа жылмен құттықтады.

«Татьяна Михайловнамен біз көктемгі тасқыннан кейін аумақты тазалау сенбілігінде танысқан едік. Сол кезде ол өз дүкенін қалпына келтіруге қатысты алаңдаушылық білдірген еді», — деп жазды өңір басшысы әлеуметтік желіде.

Алайда мемлекет біздің кәсіпкерлерімізді қиын жағдайда қалдырмай, қажетті қолдау көрсетті. Зиянды қалпына келтіруге арналған материалдық өтемақы төленіп, дүкен мен үйге жөндеу жүргізілді. Бүгінде Татьяна Михайловна жұбайы екеуі жаңа жылды үмітпен қарсы алуда.

Бұл — мемлекет тарапынан зардап шеккен бизнесті қолдаудың жарқын мысалдардың бірі. Облыс бойынша жалпы тасқыннан зардап шеккен 100 кәсіпкер қаржылай көмек алды.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *