29 октября 2023 года - День общенационального траура в Республике Казахстан

СҚО әкімі ауылдарды аралап, инфрақұрылымның жағдайын тексерді

СҚО әкімі Ғауез Нұрмұхамбетов Кызылжар ауданында болды, деп хабарлайды Петропавловск.kz.

— Жыл аяқталып келеді, қазір жылдың қорытындысын шығаратын уақыт. Биыл Кызылжар ауданы ауылдарының тасқыннан соң инфрақұрылымын қалпына келтіруге ерекше назар аударылды. Бескөл, Прибрежное және Тепличное ауылдарындағы бөгеттер нығайтылды, — деп жазды өңір басшысы.

Қиын жағдайға қарамастан,  ауданда маңызды инфрақұрылымдық және әлеуметтік жобалар жүзеге асты. Налобино, Вагулино және Белое ауылдарындағы ішкі жолдары орташа жөндеуден өтті. Бескөлде 5 қабатты үй мен хоккей кортына арналған металл шатыр салынуда. Облыста салынған 38 медициналық нысанның 8-ы Кызылжар ауданының ауылдарында орналасқан.

Сондай-ақ, өңір басшысы аудандағы әлеуметтік нысандар мен кәсіпорындарды аралады. «Қазақстан халқына» қорының жобасы аясында жаңғыртылған №2 Бескөл орта мектебі мен жөндеуден өткен «Балапан» балабақшасына барды. Облыс әкімі Байтерек ауылындағы әлеуметтік осал топтарға арналған үйлерді қарап шығып, Новокаменка ауылындағы электрмен жабдықтау жүйесін қалпына келтіру жұмыстарын тексерді.

СҚО әкімі «Радуга», «Молсервис», «ЕР-Агро», «Молодое Агро» және «Елім Кызылжар» кәсіпорындарының жұмысымен танысып, аудан диқандарымен кездесті. Сапар соңында Ғауез Нұрмұхамбетов Боголюбово ауылындағы мәдениет үйінде аудан тұрғындарымен кездесіп, өзекті мәселелер мен өңірдің даму перспективаларын талқылады.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *