4 қазан күні сағат 18:40 шамасында «Жезқазған – Петропавл» автожолының 862-ші шақырымындағы Есіл ауданы Петровка ауылының маңында «КамАЗ» жүк көлігінің арпа тиелген тіркемесінен ақау шыққан.
Ақаудың салдарынан тіркеме аударылып қалып, ішіндегінің барлығы жол үстіне шашылған. «ҚазАвтоЖол» АҚ жұмысшылары арпаны жинап жатқан уақытта СҚО ПД патрульдлік полиция батальонының қызметкерлері жол қозғалысының қауіпсіздігін қадағалады.
«Жол үстіне төгілген астық көліктің жүруін қиындатады. Көктайғақтан да жаман. Осы уақытта көлік қозғалысы да көбейіп кетті. Біздің міндетіміз – аталған учаскеде жол-көлік оқиғасын болдырмау болды», — дейді оқиға орнында жұмыс істеген сақшылардың бірі ППБ инспекторы полиция аға лейтенанты Ақылбек Бірімжанов.
Ақылбек Бірімжанов үш сағаттай көлік қозғалысын реттеген. Жол-көлік оқиғаларына жол берілмеді. Келесі күні таңертең «КамАЗ» көлігінің 49 жастағы жүргізушісі жолға шықты.
Игорь Мерцалов
СҚО ПД баспасөз қызметі