Beeline Компаниясы Солтүстік Қазақстан облысында «250+» жобасының бірінші кезеңін сәтті аяқтады.
Ұялы байланыс операторлары 2020 жылы желі құрылысна өз қаржысын салғандықтан, жұмыс кезең-кезеңімен жүрді және барлық ауылға интернетті бірден тарту қиын болды. Компания 2021 жылы желіні түрлендіруді жоспарлап отыр – Солтүстік Қазақстан облысындағы шағын ауылдарда интернет жылдамдығы артып, байланыс сапалы болады.
— 2021 жылы «250+» жобасы бойынша барлық ауылды аса шапшаң 3G/4G мобильді интернетіне және сапалы жерсерік байланысына көшіреміз. Бұған мемлекеттің қолдауының арқасында қол жеткіздік – 2020 жылы желтоқсанда салық жеңілдіктері туралы заңға қол қойылды, ол операторлардың еіліміздегі шалғай ауылдарда желіні түрлендіруіне мүмкіндік береді. Мысалы, еліміздің барлық өңіріндегі FWA байланысы бар 125 ауылды 3G және 4G мобильді интернетіне толық көшіреміз – дейді Beeline Қазақстанның Техникалық директоры Олег Снимщиков.
Халық саны аз ауылдарға байланыс таратудың ұялы байланыс операторлары үшін шығыны көп, себебі болашақта қосылатын абонент саны аз болса, желі құрылысына инвестиция салу өзін өзі ақтамайды. Соған қарамастан, Beeline жеңілдіктер туралы заң жобасы күшіне енбей тұрып, желі құрылысын салуды бастады.
2020 жылы оператордың ауқымды жұмыстарының нәтижесінде Солтүстік Қазақстан облысында трафик тұтыну көлемі 44%-ға өсті. Мысалы, Beeline желісіндегі интернет қолданушы 2019 жылы орта есеппен айына 7,3 ГБ трафик пайдаланса, 2020 жылы 10,5 ГБ тұтынатын болды.
— Солтүстік Қазақстан облысының шалғай орналасқан ауылдары да шапшаң интернетке қосыла алады, адамдар интернет-трафикті көп тұтына алуы үшін, желінің сыйымдылығын арттырамыз, сондай-ақ интернет тұрақты әрі шапшаң жұмыс істейтін сапалы трансмиссияға көшеміз — деп қосты Олег.
Қазір Beeline компаниясы Қазақстанда 9,7 млн абонентке қызмет көрсететінін және Қазақстандағы ең ірі 30 салық төлеушінің бірі екенін естеріңізге саламыз.