СҚО әкімі депутаттар алдында есеп берді, деп хабарлайды Петропавловск.kz.
Бүгін СҚО әкімі Ғауез Нұрмұхамбетов өңірдің дамуы туралы облыстық мәслихат депутаттары алдында есеп берді. Қатты су тасқынының зардабына қарамастан экономикада тұрақты өсім байқалады. Мемлекет басшысының тапсырмасына сай тасқында бұзылған инфрақұрылымды қалпына келтіру және зардап шеккен тұрғындарға қолдау көрсету бойынша атқарылған жұмыстар туралы айтты. Өңір басшысы аймақтың негізгі жетістіктеріне де тоқталып өтті. Ауыл шаруашылығы мен өнеркәсіпте көптеген жобалар іске асуда.
Халықтың өмір сүру сапасын жақсарту үшін жаңа үйлер салынып, жолдар жөнделуде, су жүйелері жаңартылуда. Білім беру, денсаулық сақтау, мәдениет және спорт саласы да басты назарда. Ғауез Нұрмұхамбетов жылыту маусымының өтуі туралы да айтты.
Депутаттар өңірдің өзекті әлеуметтік мәселелерін көтеріп, сауалдарын қойды. Бұл талқылаулар алдағы жұмыстың басымдықтарын нақтылауға көмектеседі. Сондай-ақ, ҚР мәслихаттарының 30 жылдығына орай облыс дамуына үлес қосқан депутаттар марапатталды.