Явленка ауылында өрттен кейін мәйіті табылған тұрғынды өлтірген 30 жасар ер адам полиция тарапынан анықталып, ұсталды, деп хабарлайды Петропавловск.kz.
— Өрттен кейін мәйіті өз үйінен табылған Есіл ауданының Явленка ауылының тұрғынын өлтіргені үшін полиция 30 жасар ер адамды анықтап, ұстады. Ол уақытша ұстау изоляторына қамалды. Тергеу жалғасып жатыр. Жағдайлар анықталуда, — деп хабарлады СҚО ПД баспасөз қызметі.