29 октября 2023 года - День общенационального траура в Республике Казахстан

Солтүстік Қазақстан облысында полицейлері интернет-алаяқтықтың алдын алудың жаңа түрін қолданып жатыр

Солтүстік Қазақстан облысында полиция интернет-алаяқтықтың алдын алу үшін дінбасыларды тартуда. Аумақтық полиция бөліністерінің басшылығы дінбасыларға интернет-алаяқтықтың алдын алуға көмек көрсету туралы өтінішпен жүгінген, деп хабарлайды Петропавловск.kz.

Қарт адамдардың кейбірі интернет-ресурстар мен әлеуметтік желілерде жаңалықтар оқымайды. Бірақ дін өкілдерінің үндеулеріне құлақ түріп жатады. Полицейлер мен дін өкілдері дәл осы жас шамасындағы адамдарға үндеу жасап, алаяқтықтың кең тараған түрлері туралы хабардар етуде.

Алаяқтар өздерін құқық қорғау органдарының қызметкерлері, «Қазпошта», «СевКазЭнерго» және басқа ұйымдардың қызметкерлері ретінде таныстырып, телефон арқылы SMS-хабарламалардағы кодтарды немесе банк картасының деректерін айтуды талап етеді. Мұндай жағдайға мүлдем келіспеген жөн.

Сонымен қатар, желілік алаяқтар «AnyDesk», «TeamViewer», «HopToDesk», «AirDroidControl» және басқа да бағдарламаларды телефонға орнатуға мәжбүрлейді. Бұл қосымшалар арқылы алаяқтар телефонды бұғаттап, ішіндегі дербес ақпаратты иемденеді.

Полицейлер интернет-алаяқтардан қорғанудың сенімді әдісін де атап өтті. egov.mobile мобильді қосымшасында «Банктік қарыздар мен микрокредиттерді алудан ерікті түрде бас тарту» қызметін қосу арқылы алаяқтықтың алдын алуға болады.

Алғашқы түсіндіру жұмыстары мешіттерде өткізілді, ал алдағы уақытта осындай іс-шаралар қаладағы, облыс аудандарындағы шіркеулерде, католиктік костелдарда және басқа да конфессиялардың ғибадатханаларында да ұйымдастырылады.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *