Енді eGov.kz порталында пайдаланушылар жылжымайтын мүлік объектісінің мекенжайын онлайн режимінде беру немесе жою қызметін қолдана алады. Бұрын бұл қызмет Халыққа қызмет көрсету орталықтарында қағаз жүзінде көрсетілетін болса, енді процесті автоматтандыру арқылы азаматтар өз уақытын үнемдей алады.
Мекенжайды беру жылжымайтын мүлікке ресми мәртебе беріп, оны мемлекеттік деректер қорында сәйкестендіруге мүмкіндік береді. Бұл жылжымайтын мүлік иелеріне өз мүлкін заңды түрде басқаруға, коммуналдық қызметтерге (электр, су, газ), интернетке және пошта жеткізілімдеріне қосылуға жол ашады. Сонымен қатар, мекенжайдың болуы меншік құқығын қорғауға, сондай-ақ жылжымайтын мүлікпен мәмілелерді заңды түрде жүргізуге мүмкіндік береді.
Қызмет жеке және заңды тұлғалар үшін қолжетімді және ақысыз негізде көрсетіледі.
Қызметті қалай алуға болады?
- eGov.kz порталында авторизациядан өту.
- «Жылжымайтын мүлік» бөліміне кіріп, «Жылжымайтын мүлік объектісінің мекенжайын беру/жою» қызметін таңдау.
- Қызметке электрондық цифрлық қолтаңба (ЭЦҚ) арқылы қол қою.
Қызметті сәтті орындағаннан кейін пайдаланушының жеке кабинетінде мекенжайды беру немесе жою туралы хабарлама-хат пайда болады немесе дәлелді бас тарту көрсетіледі.
Бұл қызмет ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі, ҚР Цифрлық даму министрлігі және «Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ бірлескен жұмысының арқасында іске қосылды.
Қосымша ақпарат алу үшін:
«ҰАТ» АҚ Қоғаммен байланыс басқармасы
Жайнагүл Сейдахметова
Тел.: +7 778 602 26 26
Email: press@nitec.kz
Web: www.nitec.kz
Анықтама: «Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ «электрондық үкімет» инфрақұрылымын дамыту және мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелеріне техникалық қызмет көрсету қызметтерін көрсетеді.