Неміс «Amandus KAHL» компаниясы Солтүстік Қазақстан облысында гранула жасайтын қондырғылар шығаратын зауыт ашуға дайындалуда. СҚО әкімі Ғауез Нұрмұхамбетов пен компания құрылтайшысы Йоахим Берманн бұл жобаны жүзеге асыру бойынша келіссөздер жүргізді.
Бүгін өңірімізге германдық «Amandus KAHL» компаниясының құрылтайшысы Йоахим Берманн келді. Кездесу барысында СҚО әкімі Ғауез Нұрмұхамбетов пен Йоахим Берманн перспективалық инвестициялық жобаны жүзеге асыру мәселесі талқылады. «Amandus KAHL» әртүрлі өнімдерді түйіршіктеуге арналған жабдықты өндіруде көп жылдық тәжірибесі бар. Неміс компаниясы бұл өндірісті елімізге әкеліп, түрлі түйіршіктер, жем түйіршіктерін жасайтын қондырғылар шығаратын зауыт ашуды жоспарлап отыр.
«Германияның компаниясы қазірдің өзінде жергілікті серіктестіктермен жоңышқадан, зығыр сабанынан және ағаштан түйіршіктер өндіру жобаларын қолға алған. Қондырғылар шығаратын зауытты ашу үшін шетелдік инвесторға барлық қажетті көмекті көрсетеміз», — деп жазды өңір басшысы әлеуметтік желіде.
@skoakimdik