1-қазан Әлем Халықаралық қарттар күнін атап өтті. Бұл мереке ата-әжемізге, аға ұрпаққа үнемі қамқорлық жасаудың маңыздылығын назар аударуға шақырады. Биылғы жылы әдеттегідей ҚР ҰҚК Шекара қызметі Солтүстік Қазақстан облысы бойынша департаментінің әскери қызметшілері мерекені игі-істер апталығымен бастады. Солтүстік Қазақстан облысының шекара маңындағы ауылдарында тұратын зейнет жасындағы қарттарымызға мүмкіндігінше көмек қолын созды.
Шекарашылар Мамлют ауданының Афонькино және Михайловка ауылдарының зейнеткерлердің үйлеріне және бір мезгілде Қызылжар ауданының Сумное ауылындағы әскери қызметшілер үш зейнеткердің үйлерін аралады. Петропавл қаласында тұратын зейнеткерлер де назардан тыс қалған жоқ. Департаменттің әскери қызметшілері зейнеткер 1946 жылы дүниеге келген Иваненко Галина Афанасьевнаның үйіне барып қана қоймай дәрі-дәрмекпен қамтамасыз етті.
Сапардың маңызды бөлігі қарттарымыз әңгімелерін айтып шер тарқасты. Шекарашылар үйлеріне қонаққа бары қана қоймай, әр зейнеткердің өмір тарихын тыңдап, өздерінің жылулықтары мен қатысуын бөлді. Мәселен, Людмила Алексеевна Ячменева 1954 жылы өмірге келген, Буденный ауылында 25 жылдан астам есепші болып, ал Айжан Мулдагалиевна Рамазанова 1952 жылы өмірге келген, Ленин ауданы Суворово ауылында 25 жылдан астам сауыншы болып жұмыс істегендерін айтып өтті. Қарттарымыз үшін бұл кездесу мерекеге айналды- кеңінен ашылып жастық шақтарын есіне түсіріп, жас ұрпаққа кеңестерін айтып тәжірбиелерімен бөлісті.
Сонымен қатар, шекарашылар тұрмыстық мәселелерді шешуге көмек көрсетті. Кейбір зейнеткерлерге кішігірім жөндеу жұмыстары мен үй шаруашылығына көмектесті. Шекарашылар қарттарымыздың өтініштерін тындап, үйлеріне жайлылық жасай отырып, қажетті жұмыстарды орындады. Сонымен қатар әскери қызметшілер қонақжайлықтан бөлек, Қызылжар ауданы Налобино ауылында тұратын 1943 жылы туған Тедеева Галина Николаевнаға қыста жағатын ағаштарын дайындап кесіп жинап берді, М. Конюхово ауылында тұратын Погожев Георгийдің бақшасын қазып күзгі жиынға көмектесті. Мамлют ауданы Белое ауылында тұратын 1944 жылы туған Сугакова Нина Прокопьевнаға үй қорасының шатырын жаңарту жұмысын жүргізілді.
Шекарашылар осымен тоқтап қалмай, М.Жұмабаев ауданының тұрғындарына да барып, сонымен қатар Қарақоға ауылының зейнеткерлерінен бөлек Возвышенка елді мекенінің 17 зейнеткеріне көмек көрсетілді. Ал Конюхово ауылында тұратын зейнеткер Валентина Морозовадан басқа, шекарашылар Ауған соғысының ардагері Юрий Владимирович Золотовтың үйіне барды. Ардагер әскери қызметшілерге ашық аспан тілеп, осылай көңілбөліп келгендеріне ырзашылығын білдірді.
Ауған соғысының ардагерлері Қорқыт Нығметұлы Белгубаев, 1965 ж.т., Мұрат Хайролайұлы Темірбаев, 1966 ж. т., Уәлиханов ауданы Амангелді ауылында тұрады. Ақжар ауданының шекарашылары үш Еңбек ардагерлері Кіші-Қараой ауылында тұратын 90 жастағы Ақышева Рашида Абдуловна, Уялы ауылында тұратын Кантаева Сәкен және Горьковское ауылының тұрғыны, 1936 жылы туылған Ибраева Саруар Әміржанқызының үйлеріне барып сыйлықтарын табыстады.
Жалпы алғанда, әскери қызметшілер Солтүстік Қазақстан облысының шекаралас ауылдарының 40-тан астам тұрғынның үйінде болды.
ҚР ҰҚК Шекара қызметі Солтүстік Қазақстан облысы бойынша департаментінің бастығы полковник Олжас Аленұлы Бимендин атап өткендей: «Көптеген қарт адамдар жалғыз және көмекке мұқтаж болып қалатын қазіргі әлем жағдайында мұндай бастамалар ерекше өзекті болып отыр. Олар бізге аға ұрпаққа қамқорлық жасау әрқайсымыздың міндетіміз екенін еске салады. Қарттар күні күнтізбедегі күн ғана емес, игі іс жасаудың мүмкіндігі».