29 октября 2023 года - День общенационального траура в Республике Казахстан

Заңды өкілдер eGov.kz порталында өз қамқорлығындағы адамдардың мүлкі туралы анықтама ала алады

получение справки на ЕГОВ

Енді кәмелетке толмаған балалардың, сондай-ақ әрекетке қабілетсіз немесе әрекет қабілеті шектеулі кәмелетке толған тұлғалардың заңды өкілдері eGov.kz порталының көмегімен жылжымайтын мүлікке қатысты ақпаратты жылдам және оңай ала алады. Жаңа қызмет жылжымайтын мүліктің бар-жоғы туралы және оған тіркелген құқықтар мен ауыртпалықтар жайлы мәліметтерді береді, бұл жылжымайтын мүлік операциялары, кредиттер алу және тұрғын үй бағдарламаларына қатысу секілді әртүрлі заңды процестерді жеңілдетеді.

Мемлекеттік қызмет кәмелетке толмаған балалардың заңды өкілдеріне, сонымен қатар әрекетке қабілетсіз немесе әрекет қабілеті шектеулі тұлғалардың қамқоршыларына қолжетімді. Пайдаланушылар «Ф-6» және «Ф-2» нысандарын таңдап, жылжымайтын мүлік туралы қажетті мәліметтерді алу үшін портал арқылы өтінім бере алады.

Бұл қызмет ҚР Оқу-ағарту министрлігі, ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі және «Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ-ның бірлескен жұмысының нәтижесінде іске асырылды.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *